248
"Қазір әлдеқайда мықтырақпын": Головкин Шереметамен жекке-жекке дайындығы туралы айтты
"Қазір әлдеқайда мықтырақпын": Головкин Шереметамен жекке-жекке дайындығы туралы айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин карьерасын аяқтағанға дейін Қазақстанда кездесу өткізуге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports.kz.
"Қазақстанда жекпе-жек өткізу туралы ой әрқашан болды. Алайда қазір пандемия екенін түсіну керек, шекаралар жабық. Негізі, мен әлемнің түрлі жерінде кездесу өткізгім келеді. Әрине, Қазақстанда жұдырықтасу керемет болар еді. Алдағы уақытта жағдай қалай болатынын көру керек", - деді спортшы.
Сондай-ақ, ол 18 желтоқсан күні Камил Шереметамен өтетін жекпе-жекке дайындық барысына да тоқталды.
"Қазіргі уақытта жаттығу залындағы физикалық дайындығым, жылдамдық, күш және шыдамдылығым осыдан 5 жыл бұрынғы жағдайымнан кем емес. Қазір, әлдеқайда мықтырақ болдым деп ойлаймын", - деді боксшы.