396
Бедеулік, қатерлі ісік, психикалық ауытқу: Дәрігер смартфон жанында ұйықтаудың қаупін түсіндірді
Бедеулік, қатерлі ісік, психикалық ауытқу: Дәрігер смартфон жанында ұйықтаудың қаупін түсіндірді
Невропатолог Мария Игнатова смартфон жанындағы ұйқының қандай қаупі барын түсіндірді, деп хабарлайды "Прайм" агенттігі.
Дәрігердің айтуынша, барлық гаджеттер сияқты смартфондар да адам денесінің тіндеріне сіңіп, нәтижесінде оның денсаулығына теріс әсер ететін радиожиілік сәулесін шығарады. Маман кейбір зерттеулерге сәйкес радиожиілік сәулесі бедеулік, қатерлі ісік, неврологиялық және психикалық бұзылулар қаупін арттыратынын түсіндірді.
Сонымен қатар, балалар, жүкті әйелдер, сондай-ақ жүрек-тамыр, жүйке және иммундық жүйелері бұзылған адамдар электромагниттік радиожиілік өрістеріне өте сезімтал. Дегенмен, дәрігер дәл смартфондар шығаратын сәуленің адам ағзасына теріс әсері туралы сенімді деректер жоқ екенін атап өтті.
Ересектер мен балалардың денсаулығы үшін ең қауіптісі – смартфонды түнде пайдалану. Экранның көгілдір жарығы көзге, биологиялық ырғақтарға кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, бұл ұйқысыздықты, бас ауруын, өнімділіктің төмендеуін, есте сақтау қабілетінің бұзылуын тудыруы мүмкін.
Дәрігер денсаулыққа залалы тимес үшін смартфонды ұйқы мен демалу орнынан кемінде екі метр қашықтықта ұстауға кеңес береді.