Мемлекеттік стипендия иегерлері анықталды

/
Мемлекеттік стипендия иегерлері анықталды
ашық дереккөзі
Мемлекеттік стипендия иегерлері анықталды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 12 желтоқсандағы №162 өкімімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2020 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың тізімі жарияланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.  Әдебиет қайраткерлері  
Айтқожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері  
Асан Мирас – 1987 жылы туған, ақын  
Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әшімов Әкім (Әкім Тарази) –   1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері  
Гарькавец Александр – 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері  
Досанов Сәбит – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және  «Барыс» ордендерінің иегері  
Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Жұмаділ Қабдеш – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері  
Жұртбай Тұрсын   – 1951 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері  
Исабеков Дулат – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері  
Қосылбеков Дидар – 1969 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Қыдырханұлы Уахап – 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері  
Медетбек Темірхан   – 1945 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері  
Мұқамәди Егеухан   – 1940 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері  
Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Ниязбек Рәпілбек   – 1943 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері  
Нұржекеев Бексұлтан – 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері  
Нұрпейісов Әбдіжәміл – 1924 жылы туған, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Оразбаев Иранбек   – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері  
Рәш Мыңбай – 1930 жылы туған, ақын, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері  
Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Сарай Әнес – 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Сейсенбаев Роллан – 1946 жылы туған, жазушы, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері  
Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақ КCР-інің халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты  
Тұрғынбекұлы Серік – 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері  
Халиолла Бауыржан – 1979 жылы туған, ақын, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
  Өнер қайраткерлері  
Аюханов Болат – 1938 жылы туған, хореограф-балетмейстер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Әбдіқалықова Елена – 1970 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Әлиев Дулат – 1948 жылы туған, суретші
Әлтай Аманжол   – 1971 жылы туған, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері  
Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Әшірбекова Роза – 1938 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі  
Байбосынов Қайрат – 1950 жылы туған, дәстүрлі әнші, Қазақ             КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және ІІ дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері  
Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Бекбосын Қажыбек – 1946 жылы туған, күйші, Қазақстанның халық әртісі  
Бекетаева Әйгерім   – 1991 жылы туған, балет солисі  
Дінішев Әлібек   – 1951 жылы туған, әнші, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Жақанов Ілия – 1936 жылы туған, композитор, ақын, өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері  
Жақыпбай Нұрқанат – 1947 жылы туған, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, дирижер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Жанғасқаева Әсел   – 1992 жылы туған, балет солисі
Желдібаев Әбдімомын – 1937 жылы туған, күйші, композитор, «Құрмет», «Парасат», ІІ дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері
Жұмақова Үмітжан   – 1954 жылы туған, музыкатанушы, өнертанушы  
Жұманов Есімғали   - 1946 жылы туған, суретші-кескіндемеші  
Иманғалиев Нұртілеу   – 1952 жылы туған, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері  
Клушкин Юрий   – 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері  
Қаламбаева Құндыз   - 1962 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері  
Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі  
Қосыбаева Тамара – 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі  
Қуанышева Жаннат - 1958 жылы туған, киноактриса, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртісі  
Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы  
Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері  
Недлина Валерия – 1982 жылы туған, өнертанушы  
Нұрмұхамбетов Ерлан   – 1974 жылы туған, кинорежиссер, продюсер
Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері  
Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері  
Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Өмірова Арай – 1987 жылы туған, актриса  
Өтепберген Аян   - 1992 жылы туған, актер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері  
Пирожков Валерий   – 1949 жылы туған, суретші, мүсінші
Померанцев Юрий – 1923 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Приходько Валерий   – 1949 жылы туған, суретші-кескіндемеші
Разиева Гульвира   – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері  
Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі  
Тәуекелов Сламбек – 1948 жылы туған, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Теменов Талғат – 1954 жылы туған, режиссер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат», ІІ дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері  
Тоғызақов Ерболат   – 1948 жылы туған, киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  
Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, әнші, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  
Төлеутаев Ерлан – 1968 жылы туған, дәстүрлі әнші, өнертанушы  
Тыныштығұлова Сара – 1942 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері  
Уәлихан Шот-Аман – 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Хасанғалиев Ескендір – 1940 жылы туған, әнші-композитор, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Отан» ордендерінің иегері  
Шәріп Амантай – 1965 жылы туған, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары