237
Қарашығанақтан 67 млн теңгенің мүлкін жымқырған қызметкер ұсталды
Қарашығанақтан 67 млн теңгенің мүлкін жымқырған қызметкер ұсталды
Қарашығанақ кенішінде 67 млн астам теңгенің кабелін ұрлаған қызметкер ұсталды.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, компания қызметкері Қарашығанақ кенішіндегі зауыт аумағынан биылғы 5 маусым мен 28 қазан аралығында 7047 метр кабель жымқырған.
Полиция қызметкерлері 42 жастағы К-ны қолға түсірді. Ол зауыт қызметкері болғандықтан, еркін кіріп, 67 млн астам теңгенің мүлкін жасырын жымқырған. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.