190
«Нұрлы жер»: көпбалалы аналарға баспана сатып алу үшін 420 млн теңге бөлінді
«Нұрлы жер»: көпбалалы аналарға баспана сатып алу үшін 420 млн теңге бөлінді
Мақтаарал ауданында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен аз қамтылған көпбалалы аналарға тұрғын үй сатып алу үшін 420 млн теңге қаржы бөлінді.
Шекаралас аудандардың жұмысын қадағалауға келген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев 50 баспананы сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілгенін айтты.
Айта кетейік, Мақтааарал ауданында болған техногендік апат салдарын жою жұмысынан бөлек, аудан инфрақұрылымын дамыту ісі де қатар жүргізілуде.
Қазіргі таңда ауданда 21 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде орталық стадион биыл пайдалануға тапсырылды және 20 нысан 2021 жылы аяқталады.
«Төтенше жағдай салдарын жою бойынша 8 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. 1 мектеп, 1 балабақша, 1 полиция пункті, 3 дәрігерлік амбулатория және 2, фельдшерлік-дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Салыстырмалы түрде алсақ, Мақтарал ауданында 2019 жылы құрылыс саласына 7 917 млрд теңге қаралса, 2020 жылға 29 млрд теңге қаралды», – деді аймақ басшысы.