177
COVID-19: 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі
COVID-19: 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі
Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі, – деп жазды Ведомствоаралық комиссияның Телеграм каналы.
Күшіне енетін шектеу шаралары:
- Дүкендер 10 қаңтарға дейін жабық болуы керек (бірінші кезекте қажетті тауарлар сатылытын дүкендерді қоспағанда);
- Рождество мерекесінде 2 отбасыдан 5 адамнан артық емес жиналуға болмайды. 10 адамға дейін тек жақын туыстар жинала алады. Жаңа жыл мерекесі күндері шектеу шаралары жеңілдетілмейді;
- Мектептер жабық болады немесе еркін қатысу енгізіледі;
- Шіркеу қызметтеріне тыйым салынбайды, бірақ шіркеу ішінде 1,5 метр арақашықтықты сақтау керек және міндетті түрде бетперде тағу керек;
- Шаштараздар мен сұлулық студияларының қызметіне тыйым салынады;
- Қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішуге тыйым салынады, тамақтану орындарын үшін тек өзімен алып кетуге және жеткізу қызметінің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;
- Германияға шетелден келушілер елге коронавирусқа қарсы теріс сынамасының қорытындысымен және 5 күндік оқшауланудан кейін ғана кіруіне болады.