Саясаттанушы Расул Жұмалы Ресей телеарналарын сынады

Саясаттанушы Расул Жұмалы Ресей телеарналарын сынады

Саясаттанушы Расул Жұмалы Ресей телеарналарын сынады
ашық дереккөзі
345
Білгілі саясаттанушы Расул Жұмалы өзінің фейбук парақшасында Ресей телеарналарын сынға алды. "Импершіл шовинизм мен қылмыстық феняға толы Ресейдің ресми телеарналары халқымызды улап жатыр. Тәулігіне 24 сағат бойында біздің азаматтарды өз Отанына қарсы қойған шайтанның үнін өшіру жайлы ұлт жанашырлары дабыл қаққанына кемі 20 жыл болды. Нәтиже жоқ. Сол ресейлік пропаганданың құрбаны болған Молдова, Украина, Грузияның өте ащы сабақтарынан билік қайта сабақ алмады. Таяуда кезінде Екінші дүниежүзілік соғыс отын тұтатқан Молотов деген иттің баласының немересі жасаған мәлімдеме аталған жауапсыздық пен намыссыздықтың кезекті бір сорақы көрінісі ғана. Әсіресе, дәл біздің Тәуелсіздік күніміз қарсаңында. Мәселе тіпті Никонов, Жириновский, Лимоновтарда емес. Мәселе Қазақты кемсіткен осындай неофашистерді сол Қазақтың елінде Ресей телеарналары арқылы тайраңдатып қойған билікте. Ал енді өз құндылығыңды өзгеге таптатып қойып бетіңнен оның түкірігін сүртумен әлек болсаң, сені кім сыйламақ? Ешкім", - дейді ол өз сөзінде.

Серіктес жаңалықтары