Мемлекет тапсырыс берген зерттеулердің нәтижелері ашық болуы тиіс

Мемлекет тапсырыс берген зерттеулердің нәтижелері ашық болуы тиіс

Мемлекет тапсырыс берген зерттеулердің нәтижелері ашық болуы тиіс
ашық дереккөзі
202
Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева республикалық бюджет және халықаралық ұйымдармен бірлескен жобалармен қаржыландырылатын сараптамалық және әлеуметтік зерттеулер мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында Дариға Назарбаева тақырыптардың қайталануын жойып, жүргізілетін зерттеулер әдістемесіне ортақ талаптар бекітуді тапсырды. «Міндетті түрде қазақстандық мазмұн болуы тиіс. Біз тапсырыс берушілерміз, біздің өз талаптарымыз болуы тиіс. Егер бұл талаптар бізде нақты көрсетілмеген болса, біз олардан жұмыс сапасының қандай кепілдігін күтеміз. Бұл жұмысты жылдың соңына дейін Ұлттық экономика министрлігі білім және ғылым, сонымен қатар қаржы министрлігімен бірлесіп жөнге қоюы тиіс», - деді Д. Назарбаева. Бұдан бөлек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары соңғы үш жылға республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің тиімділігіне талдау жасауды тапсырды. «Ең бастысы - олардың нәтижелеріне практикалық қолданыс табу. Ол үшін зерттеулер нәтижелері мен мемлекеттік ведомстволарға берілген ұсыныстардың кең таралуын қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, тапсырыс берілген зерттеулердің қолжетімділігін жақсарту қажет, барлығы ашық жариялымда болуы тиіс», - деді Д. Назарбаева. Отырыс барысында ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәдина Әбілқасымова атап өткендей, ағымдағы жылы мемлкекеттік органдар 2017-2019 жылдарға жалпы сомасы 2,8 млрд теңге болатын 13 зерттеу жүргізу қажеттілігі туралы қосымша ұсынған. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдармен ынтмақтастық аясында ҚР Үкіметі 10-нан астам бірлескен зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.  

Серіктес жаңалықтары