«Солтүстік Қазақстан - қазақтың жері!» Ресей консулдығының алдына наразылық плакаты ілінді

«Солтүстік Қазақстан - қазақтың жері!» Ресей консулдығының алдына наразылық плакаты ілінді

«Солтүстік Қазақстан - қазақтың жері!» Ресей консулдығының алдына наразылық плакаты ілінді
ашық дереккөзі
302
Белгілі қоғам белсендісі Бақытжан Бұхарбайдың айтуынша, Ресей консулдығының алдына «Намыс» жастар қозғалысының жетекшілері наразылық постерін іліп қойған. Осылайша, олар ресейлік депутат Вячеслав Никоновтың мәлімдемесіне наразы екенін білдірген. "Маған «Намыс» ұйымының жастары ресейлік депутат Вячеслав Никоновтың Қазақстанның Солтүстік аймағы жайлы айтқан жалған сөздеріне протест білдіріп, Ресей консулдығына «Солтүстік Қазақстан ‒ қазақтың жері» деген плакат ілгенін жеткізді. Меніңше, жігіттер бұдан әрі барып, «Орынбор ‒ қазақтың жері» деп сойып салуы керек еді. Сонда симметриялы жауап болушы еді. Не болса да, жарады. Жігіттерді полиция қызметкерлері ұстап алып кетіпті", - дейді Бақытжан Бұхарбай әлеуметтік парақшасында. Мұның бәрі кешегі РФ Мемлекеттік Думасының депутаты, Білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың «Қазақстан аумағы - Ресейдің керемет сыйы» деп айтқанынан басталды. Осыдан кейін Ресей Федерациясының уақытша сенімді өкілі Александр Комаров Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, нота табысталған болатын. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде «Солтүстік Қазақстан - Ресей жері» деген жазуы бар плакат ілінген еді.  width=

Серіктес жаңалықтары