"Тарихты оқы!": Желідегі жұрт ресейлік депутатқа Қазақстанның қандай ел екенін түсіндірді

"Тарихты оқы!": Желідегі жұрт ресейлік депутатқа Қазақстанның қандай ел екенін түсіндірді

"Тарихты оқы!": Желідегі жұрт ресейлік депутатқа Қазақстанның қандай ел екенін түсіндірді
ашық дереккөзі
449
Қазақстандықтар Ресей Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың арандатушылық сипаттағы мәлімдемесінен кейін оның Instagram-дағы парақшасында жүздеген пікір қалдырды.  Қазақстан тұрғындары ресейлік депутатты тарихты оқуға шақырды. "Қазақстан сияқты ұлы мемлекет туралы айтпас бұрын тарихты білу керек. Осындай сауатсыз адамдар елдер арасындағы қарым-қатынасты бұзады", "Не айтқың келсе де, әуелі ойлану қажет. Біздің мемлекет туралы айтқаныңыз ақылға қонбайды және елімізде наразылық тудыруда. Телеарнада ойнақтаған екенсіз" деп жазған желі қолданушылары.  width= Еске сала кетейік, Вячеслав Никоновтың "Первый канал" эфирінде Қазақстан туралы айтқан сөзі желіде тараған еді. "Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстанда бұрын мүлде қоныстанбаған. Олар болған, бірақ оңтүстікке жақын. Шын мәнінде, Қазақстан территориясы - Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйлығы", - деген еді ресейлік депутат "Большая игра" бағдарламасында. Сенатор, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед  Вячеслав Никоновтың бұл мәлімдемесін саяси жауапсыздық әрі қорлау деп санайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары