12 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болды

12 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болды

12 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болды
ашық дереккөзі
608
Қостанай облысында полиция 12 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікпен 29 жастағы Лисаковск тұрғынын ұстады. "Время" газетінің хабарлауынша, қазіргі кезде ер адам қамауға алынған. Ал жүкті қыз перзентханада жатыр. Қостанай облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабы (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сондай-ақ, тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды. Айта кетейік, жыл басында "зорлау" бабы – орташа ауырлық дәрежесінен ауыр қылмыстар санатына ауыстырылған болатын. Егер аталған факті дәлелденсе, ер адамға 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.  

Серіктес жаңалықтары