226
Медициналық конференция 300 адамның коронавирус жұқтыруына себепші болды
Медициналық конференция 300 адамның коронавирус жұқтыруына себепші болды
Бостондағы Biogen компаниясының екі күндік халықаралық биотехнологиялық бизнес-конференциясы АҚШ-та коронавирус жұқтырудың 300 мың жаңа дерегінің пайда болуына себеп болды. Ал іс-шараға вирус әкелген адам мемлекет бойынша инфекцияны ең көп адамға жұқтырған таратушы болуы ықтимал. Бұл туралы Science журналының материалында айтылған.
Конференциядан кейін бірден 100-ден астам адам коронавирусқа тән белгілерге шағымданған. Жалпы алғанда, іс-шараға қатысушылар инфекцияны 29 штатқа жеткізді.
Конференциядан кейінгі індет жұқтыру жағдайлардың жалпы саны әртүрлі бағалаулар бойынша 205-тен 300 мыңға дейін жетуі мүмкін деп болжанып отыр. Сонымен қатар, ғалымдар барлық науқастардан коронавирустың бірдей штаммын — Батыс Еуропадан шыққан түрін тапты. АҚШ-та ол бұған дейін кездеспеген. Бұл барлық адамдарды бір адам жұқтырғанын көрсетеді.