Cақ болыңыз!: Әккілер QR-код арқылы ақшаңызға қол сұғуы мүмкін

Cақ болыңыз!: Әккілер QR-код арқылы ақшаңызға қол сұғуы мүмкін

Cақ болыңыз!: Әккілер QR-код арқылы ақшаңызға қол сұғуы мүмкін
ашық дереккөзі
245
Технологияның дамып, тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу арналары көбейген сайын қылмыскерлердің де сан түрлі айла-шарғысы пайда бола бастады. Олар азаматтардан ақша алудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Мәселен, 2020 жылы азаматтардың QR-кодтарды пайдалануынан олжа тапқан әккілердің саны артқан. Бұл туралы "Прайм" агенттігіне "Позиция Права" заң компаниясының басқарушы серіктесі Егор Редин айтты. "Алаяқтар QR-кодтарды парақшаларға, ақпараттық стендтерге орналастырады немесе тұтынушы төлем жасағысы келетін ұйымдардың тиісті кодтарын генерацияланған меншікті кодтарға ауыстырады, олар төлеушінің ақшалай қаражатын алаяқтардың шоттарына бағыттайды", - деп түсіндірді заңгер. Ол қылмыскерлер екі схеманың біреуін қолдана алатындығын еске салды. Біріншісі адамды адастыруды, екіншісі – білместіктен телефонға вирустық бағдарламаларды жүктеуді қамтиды. QR код – бұл, ең алдымен, пайдаланушы жасаған мәтіндік ақпаратты құрылғыға жеткізу әдісі. Сондықтан қарапайым QR-код суретін оқу қауіпті емес дейді маман. Ал  тауарлар мен қызметтерді төлеу үшін QR-кодқа тігілген реквизиттер алаяқтарға тиесі болуы ғажап емес.  Мұнда сақтық пен қырағылық қажет. Сонымен қатар, дәлелденген антивирустық өндірушілердің QR-код оқу қызметтерін қосқан жөн. Олар фишингтік және зиянды беттер базасында кодтың бар-жоғын тексереді. "Егер сіздің шотыңыздан QR-кодты қолдану салдарынан ақша қаражаты алаяқтық жолмен алынғанын байқасаңыз, сіз қателік кеткенін (дұрыс емес деректемелер бойынша) айтып, операцияны тоқтату туралы өтінішпен банкке немесе алаяқтық туралы өтінішпен полиция бөлімшесіне жүгіне аласыз", - деп түйіндеді Редин.

Серіктес жаңалықтары