Екі кәмпит ұрлаған ер адам он жылға сотталуы мүмкін

Екі кәмпит ұрлаған ер адам он жылға сотталуы мүмкін

Екі кәмпит ұрлаған ер адам он жылға сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі
257
Словакияның Кисуце аймағында ер адам дүкеннен екі шоколад кәмпит ұрлағаны үшін он жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы TV Markíza хабарлады. Ұрлық шығыны бірнеше еуродан аспайтынына қарамастан осынша ауыр жазаның талап етілуін прокуратура елдегі төтенше жағдаймен байланыстырып отыр. Сотты күтіп отырған айыпталушының туысы бұл жағдайда жаза қылмысқа сәйкес келмейді деп есептейді. Ол Словакия президенті Зузан Чапутовадан көмек сұрамақшы, алайда толық бостандыққа қол жеткізуді көздемейтінін айтады. Десе де, тек айыптау үкімі шығарылған жағдайда және сотталған адам рақымшылық жасау туралы өтініш жасағанда ғана мемлекет басшысы жағдайға ықпал ете алады. Телеарна бұған дейін словакиялық үйсіз адам осындай жағдайға тап болғанын еске салды. Ол бағасы 2 еуролық бургерді ұрлағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұрын бірнеше рет тамақ ұрлаған ер адам рецидивист деп танылып, қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары