Адалдықтар Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Адалдықтар Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Адалдықтар Алматы облысының тұрғындарымен кездесті
ашық дереккөзі
211
11 желтоқсанда Талдықорған қаласында «ADAL» партиясының үгіт-насихат кезеңі аясында алғашқы баспасөз конференциясы және жергілікті тұрғындармен алғашқы кездесуі өтті. Онда «ADAL» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар сөз сөйледі. Спикерлер ретінде белгілі спортшы, қоғам қайраткері Ардақ Назаров, тележурналист, қоғам қайраткері Дәулет Мұқаев, белгілі тележурналист, «Ашық алаң» тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы Мақсат Толықбай, «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрайымы, қоғам қайраткері Лаззат Шыңғысбаева, «Шопан Ата» Қазақстан қой өсірушілер Ұлттық Ассоциациясының төрағасы Алмасбек Садырбаев қатысты. Баспасөз конференциясында депутаттыққа кандидаттар журналистерді партияның бағдарламасымен, үгіт-насихат кезеңіндегі бастамалары мен жоспарларымен таныстырды. Конференция барысында Мақсат Толықбай «ADAL» партиясының цифрлық порталы туралы айтып берді. Ол сайттың көмегімен сайлаушылар партияға кіріп қана қоймай, өз аймағындағы мәселелері туралы да айта алатындығын еске салды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат әрбір пайдаланушы сайтқа кіріп, партия жұмысының негізгі бағыттарымен танысып, өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемалар туралы біліп, елдің дамуына өз үлестерін қоса алатынын айтты. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тағы бір кандидат Дәулет Мұқаев Қазақстандағы тұрғын үй мәселесінің өзектілігін еске салды. Ол 7 баласы бар әрбір көпбалалы отбасы тегін баспанамен қамтамасыз етілуі тиіс екенін айтты.  width= Ләззат Шыңғысбаева «ADAL» партиясынан кандидаттардың ең төменгі орташа жасы – 41,6 жасты, ал барлық кандидаттардың жалпы орташа жасы 46,7 жасты құрағанын жеткізді. Бұдан әрі депутаттыққа кандидаттар Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуге барып, азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді, атап айтқанда, ауыл тұрғындарының қалаларға көші-қон мәселесін тыңдады.  width= Әңгіме барысында Алмасбек Садырбаев бұл мәселені шешетінін, атап айтқанда ауылдарды дамытып, жастар үшін тартымды жағдай жасайтынын айтты. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 11 қаңтарында кезекті Парламенттік сайлау өтеді. Қараша айында «ADAL» партиясы сайлауалды бағдарламасының жобасын таныстырды.  

Серіктес жаңалықтары