"Астық қоймасы ретінде пайдалануға болады": Арқалық әуежайы 30 млн теңгеге сатылымға қойылды

"Астық қоймасы ретінде пайдалануға болады": Арқалық әуежайы 30 млн теңгеге сатылымға қойылды

"Астық қоймасы ретінде пайдалануға болады": Арқалық әуежайы 30 млн теңгеге сатылымға қойылды
ашық дереккөзі
551
Қостанай облысы Арқалалық қаласындағы әуежай жекенің меншігіне өткен болатын. Оның сатылымы туралы хабарландыру жарияланды, деп хабарлайды ТоболИнфо.   Ғимараттар кешені мен оның 5 гектарлық аумағының құны 30 миллион теңгеге бағаланған. Кең территорияны қадай мақсатта пайдалануға болатыны туралы былай жазылыпты: астық қоймасына арналған фазендаға ыңғайлы. Нысанды сату аудан тұрғындары арасында үлкен резонанс тудырды. Көптеген адам қазір тастанды аумақ әлі де әуе қатынасы үшін қызмет ете алады деп санайды. "Жалпы, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту үшін, оның ішінде Арқалық қаласының басқа өңірлермен байланысын нығайту, авиацияны, оның ішінде шағын авиацияны дамыту өте маңызды", - дейді тұрғындар. Екі жыл бұрын Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің халыққа есеп беру кездесуінде жергілікті әуежайды іске қосуды және Арқалықтан Қостанай мен Астанаға авиамаршруттар ұйымдастыруды сұрады. Алайда әуежайдың функционалдығын қалпына келтіру үшін ешқандай шара жасалмады. 90-шы жылдары өзге қалаларға көшушілер қатары көбейіп, Арқалық тұрғындарының саны азайды. Қазір қалада 40 мыңға жуық адам тұрады. Тұрғындар қала орталығында  қоныстанған, ал шет аумақтар бос жатыр.

Серіктес жаңалықтары