Никонов тағы да Қазақстанға қатысты дүдәмал мәлімдеме жасады

Никонов тағы да Қазақстанға қатысты дүдәмал мәлімдеме жасады

Никонов тағы да Қазақстанға қатысты дүдәмал мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
584
Ресейдің мемлекеттік «Первый канал» арнасынан РФ Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы әрі «Большая игра» бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов “Қазақстанның территориясы – Ресейдің сыйы” десе, оны қолдаған екінші саясаткер Украинаның тең жартысы да өзінің территориясы емес дегенді қосып қолдаған. Бұдан кейін Қазақстан тарапынан мұны екі ел арасын арандаушы әрекет деп сөккен мәлімдемелер көбейіп кетті. Осыған байланысты Вячеслав Никонов өзінің Telegram-каналында: “Меніңше, Қазақ КСР-інің шекарасын айқындауда Қазақстанның мүддесі толықтай сақталды. “Большая игра” бағдарламасында мен дәл осыны айттым. Осы сәтті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқына ең жылы сезімдерімді тағы да білдіргім келеді,” – деп жазған (https://t.me/VA_Nikonov/264). Сонда да оның қазақстандықтардан ашық кешірім сұрауға дәті жетпей отырғаны байқалады.  

Серіктес жаңалықтары