193
Мемлекеттік емханаға тал түсте ұрлыққа түскен адам ұсталды
Мемлекеттік емханаға тал түсте ұрлыққа түскен адам ұсталды
Елорда полицейлері өткізген жедел шаралар кезінде Солтүстік Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті.
Мемлекеттік емханада тал түсте 22 жастағы жігіт гардеробшының жоқ екенін пайдаланып, бағасы жарты миллион теңге тұратын тонды ұрлап кеткен. Кейін ұрланған тонды сауда дүкеніне сатып жіберген.
Бұл қылмыстық іс бойынша «ұрлық» бабымен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы тексерілу үстінде.
Ұрланған тон дүңгіршектен алынып, иесіне қайтарылды.