ЖаңалықтарСаясат

Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Премьер-Министрі Александр Вучичпен кездесті

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың саяси диалогты және мәдени алмасуды нығайту, көлік, туризм және инфрақұрылым құрылысы саласындағы байланыстарды дамытуды қамтитын негізгі бағыттары талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Вучич Қазақстан мен Сербияның өзара іс-қимылын одан әрі нығайту және кеңейту үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Back to top button