«Сарапшылармен кеңестік»: Бозжырадағы қонақ үй қайда салынатыны белгілі болды

«Сарапшылармен кеңестік»: Бозжырадағы қонақ үй қайда салынатыны белгілі болды

«Сарапшылармен кеңестік»: Бозжырадағы қонақ үй қайда салынатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
251
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Бозжырада экологиялық туризмді дамыту мәселесі талқыланған кездесу қорытындысы туралы айтты. «Мемлекет басшысының Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасын қайта қарау туралы тапсырмасына сәйкес, Ақтау қаласында ғалымдармен, биологтармен, шетелдік сарапшылармен, жергілікті экобелсенділермен және қоғам қайраткерлерімен кездесу өткіздік. Барлығы туристік нысан тұрғызу өңір үшін аса маңызды деген ортақ ой айтты», – деп жазды ол Twitter парақшасында. «Бірақ туризмді дамыту мен Бозжыра сияқты бірегей табиғи нысанның экожүйесін сақтаудың арасында тепе-теңдік болуы керек. Жобаның әлеуетін бағалап, кеңестерін беру үшін тәжірибелі сарапшылар мен ғалымдарды Бозжыраға алып бардық», – деді министр. Оның сөзінше, жергілікті қоғам белсенділері ғалымдармен бірге қонақ үй салу өңірдің туризмін дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін керек деген ойды алға тартқан. «Сондықтан тұрғындар мен ғалымдардың, қоғам өкілдерінің ұсынысымен қонақ үй орны Жабайұшқан қаумалының сыртына ауыстырылады. Инвестор компания өкілдері өз тарапынан жобаны жүзеге асыратын орынды қаумалдан тыс жерден таңдауға дайын екендерін жеткізді», – деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.

Серіктес жаңалықтары