ШҚО-да депутаттыққа кандидаттар жастармен кездесті

ШҚО-да депутаттыққа кандидаттар жастармен кездесті

ШҚО-да депутаттыққа кандидаттар жастармен кездесті
ашық дереккөзі
496

Бүгін «Nur Otan» партиясы ШҚО облыстық мәслихат депутаттығына және қала деңгейіндегі депутаттыққа үміткерлермен онлайн кездесу өтті. Мұндағы мақсат – «Nur Otan» партиясы бағдарламасының соңғы 5 жыл бойы қалай жүзеге асырылғанын жас буынға жеткізу. Кездесудің тақырыбы – «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» болды.

Шара барысында жастар «Nur Otan» партиясы ШҚО мәслихат депутаттығына кандидат Маржан Бахытпен және «Nur Otan» партиясы Өскемен қаласы мәслихат депутаттығына кандидат Мұхтар Төлегенмен кездесіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. ШҚО «Кеше «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Jas Otan» жастар қанатын 20 жылдығымен құттықтаған болатын. Елбасы да, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қашанда жастарға қолдау танытып, ерекше мән беруде. Былтыр Жастар жылы жарияланып, талай ауқымды шаралар өткізілгені белгілі. «Болашақ» бағдарламасымен көптеген жас буын шетелдік жоғарғы оқу орындарында білім алып, елімізге келіп жауапты қызметтерде еңбек етіп жүр. Қазіргі заман жастары өте белсенді, ізденімпаз. Алдағы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота берілген. Бұл жастарға мол жауапкершілік жүктейді. Десе де менің ойымша, билікке ойы қалыптасқан, ұстанымы берік, саясатта тәжірибесе бар жастар келуі тиіс», – деді Мұхтар Төлеген. Естеріңізге сала кетсек, күні кеше ШҚО-да «Nur Otan» партиясының аймақтық сайлауалды штабы ашылып, өз жұмысын бастаған болатын.
Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлау қорынан төленді

Серіктес жаңалықтары