Жоғалып кеткен ағайынды бүлдіршін шұңқырдан табылды

Жоғалып кеткен ағайынды бүлдіршін шұңқырдан табылды

Жоғалып кеткен ағайынды бүлдіршін шұңқырдан табылды
ашық дереккөзі
215
Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының маңындағы ауылдардың бірінің қыстауынан жоғалып кеткен ағайынды балалар табылды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 5 және 8 жастағы балаларының үйлерінің жанында ойнап жүріп жоғалып кеткені туралы хабарды Арыс аудандық полициясына балалардың анасы жеткізген. Жайсыз хабар бірден тіркеуге алынып, балаларды іздеуге Түркістан облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасынан тәжірибелі полицейлер шыққан. Балалардың айрықша белгілері туралы жан-жаққа арнайы ақпарат таратылып, іздеу жұмыстарына әскерилер мен еріктілер де жұмылдырылған. Олар балалар жоғалған аймақтың әр түкпірі мен шұңқырына дейін тінтіп шықты. Қажетті деген шаралардың барлығын атқарды. Балалар бір тәуліктен соң үйден 10 шақырымдай қашықтықтағы шұңқырдан табылды. Қарындары ашып, суыққа тоңып қалғаны болмаса, зардап шекпеген. Үйлерінен шығып, адасып кеткен балаларды Арыс аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары ата-анасына аман-есен табыстады. Балалардың ата-анасы полиция қызметкерлеріне алғыс айтты. Осыған дейін Арыста 5 және 8 жастағы ағайынды балалар іздестіріліп жатқандығы туралы хабарлағанбыз.

Серіктес жаңалықтары