224
Үй маңында ойнап жүріп ағайынды екі бүлдіршін жоғалып кеткен
Үй маңында ойнап жүріп ағайынды екі бүлдіршін жоғалып кеткен
Түркістан облысының Арыс қаласында ағайында балалар жоғалып кетті.
Арыс ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2012 жылы туған Ақжігіт Жұманиязов пен оның інісі 2015 жылы туған Нұржігіт Жұманиязов Арыс қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан Қожатоғай ауылдық округіндегі Қарағайлы қыстауында тұрады.
Балалар 11 желтоқсан күні үй маңында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа кетіп қалып, қайтып оралмаған.
Айрықша белгілері: Ақжігіт Жұманиязов 2012 жылы туған. Үстінде қызыл түсті жемпір, сұр түсті спорттық шалбар, ақ түсті бас киімі болған. Бойы шамамен – 120-130 см.
Нұржігіт Жұманиязов 2015 жылы туған. Үстінде көк түсті күртеше, қара түсті спорттық шалбар, басында қызыл түсті бас киім болған. Бойы шамамен – 120-130 см.
Қазіргі таңда қала әкімінің басшылығымен штаб құрылып, іздестіру жұмыстары жалғасуда.
«Жоғалған балалар қайда екендігі туралы ақпараттан хабардар болсаңыздар «102» нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.