236
«Қазгидромет» ескертеді: бірқатар өңірде жел күшейіп, қар жауады
«Қазгидромет» ескертеді: бірқатар өңірде жел күшейіп, қар жауады

12 желтоқсан күні ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігі, шығысы және орталығында қар жауады. Республиканың кей жерінде тұман, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман болжанады. Таңертең және күндіз Қызылорда облысында, күндіз Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.