Баспана кезегінде тұрғандарға үй салу үшін жер учаскесі беріліп жатыр

Баспана кезегінде тұрғандарға үй салу үшін жер учаскесі беріліп жатыр

Баспана кезегінде тұрғандарға үй салу үшін жер учаскесі беріліп жатыр
ашық дереккөзі
252
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов келер жылы салынатын жер үйлердің құрылысына қатысты арнайы жиын өткізді.  Өңірде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында кезекте тұрған азаматтарға жер телімін беру жұмысы жалғасуда. Басты талап – берілген жер телімін уақтылы әрі мақсатты пайдалану. Көп жағдайда жердің игерілмеуіне инженерлік инфрақұрылымның жоқтығы себеп болып жатады. Осы мәселені шешу үшін Шығыс Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жер телімі қарастырылған аумақтарды кезең-кезеңмен қаржыландыру жоспары бекітіліп отыр. Қазіргі таңда Өскемен, Семей және Аягөз қалаларындағы 1 кезеңге кірген жер учаскелерінің жалпы саны – 2 591. Барлығы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 1700 учаске тұрғын үй салуға берілді. Қазіргі таңда олардың 602-інде жұмыс аяқталса, ал 790 учаскеде құрылыс жұмысы әлі басталмаған. «Жер алған тұрғындар онда үй салулары тиіс. Қажетті инфрақұрылым жүргізіп, жарық пен су тарттық. Сондықтан берілген учаскелерде құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын қатаң бақылауымыз қажет», – деді аймақ басшысы. Жеке тұрғын үй құрылысы Өскемен қаласындағы 20 шағын ауданда қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде шаһар тұрғындары салған 119 үй қолданысқа беріліп, тағы 120 үйдің құрылысы жүргізілуде. Семейде Ұшақтар, Комсомольский, Аягөз қаласындағы Мясокомбинат шағын аудандарында да бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Айта кетейік, бүгінде жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімін алуға Өскеменде – 4206, Семейде 24473 адам кезекте тұр.

Серіктес жаңалықтары