Тәуелсіздік күні отшашу болмайды

Тәуелсіздік күні отшашу болмайды

Тәуелсіздік күні отшашу болмайды
ашық дереккөзі
268
Елордада Тәуелсіздік күнінде отшашу болмайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім болды. Тәуелсіздік күніне орай төрт күн қатарынан, яғни 16,17,18 және 19 желтоқсан демалыс болады. 18 желтоқсандағы жұмыс күні 20 желтоқсандағы жексенбіге ауысты. Елорда әкімдігі алдағы мереке күндерінде індеттің таралуына жол бермеу мақсатында тиісті санитарлық талаптарды орындауға шақырды. Осы орайда маска тағу режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтау мен өзге де қажетті ережелер орындалуы тиіс. Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов алдағы мерекелерді отбасымен өткізуге кеңес берді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа өтті.  

Серіктес жаңалықтары