374
Ким Ки Дук коронавирустан көз жұмды
Ким Ки Дук коронавирустан көз жұмды
59 жасында атақты корей кинорежиссері Ким Ки Дук қайтыс болды. Ол Латвияда коронавирустың асқынуынан көз жұмды, деп хабарлайды Delfi.
Бейресми ақпарат бойынша, ол Юрмалада үй сатып алуды және тұрақты тұруға рұқсат алуды жоспарлаған. Алайда жоспарланған кездесуге бармаған. Әріптестері оны іздей бастайды, бірақ жеке деректерді қорғау ережелеріне байланысты оны табу қиынға түсіпті.
Ким Ки Дук 1960 жылы Оңтүстік Кореяның Кенсан-Пукто провинциясында дүниеге келген. Көп ұзамай оның отбасы Сеулге көшеді. 17 жасында Ким зауытқа жұмысшы болып орналасады, үш жылдан кейін әскерге аттанады. Кейінірек шіркеу қызметкері болуға бел буады. Алайда бейнелеу өнерімен әуестеніп, өнерді тереңірек зерттеу үшін Парижге жол тартады.
Біраз уақыт Ким Ки Дук өзінің жеке көрмелерімен Еуропаны аралайды. 1993 жылы ол "Суретші және өлім жазасына кесілген қылмыскер" фильмінің сценариі үшін Сценаристер институтының марапатын алды. Осыдан кейін тағы бірнеше сценарий жазады. Кейінірек ол "Қолтырауын" фильмін түсіріп, өзін режиссер ретінде сынап көреді. Одан әрі "Жабайы аңдар", "Құстар торы" қонақ үйі", "Шынайы аңыз" фильмдерін түсірді.
Өткен жылы Ким Ки Дук Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауының қазылар алқасын басқарды. Байқаудың "Мастер" бағдарламасында ол өзінің "Адам, кеңістік, уақыт және тағы да адам" фильмін ұсынды.
Кинорежиссер сонымен қатар Сочи халықаралық кинофестивалінің қазылар алқасына төрағалық еткен және оның келесі фильмінің түсірілімі Ресейде өтетінін айтқан еді.