"Жалақымызды көтерсін!": Жезқазғанда көлік кәсіпорнының қызметкерлері жаппай ереуілге шықты

"Жалақымызды көтерсін!": Жезқазғанда көлік кәсіпорнының қызметкерлері жаппай ереуілге шықты

"Жалақымызды көтерсін!": Жезқазғанда көлік кәсіпорнының қызметкерлері жаппай ереуілге шықты
ашық дереккөзі
256
Жезқазғанда "Қазақмыс" корпорациясының мердігер ұйымы –  KM TRANCO көлік кәсіпорнының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етті. Оларға қала әкімі барып, жалақыны қайта есептеу жұмыстары жүргізілетінін, 13-ші жалақы төленетінін айтты. Әлеуметтік желіде "Қазақмыс" мердігерлерінің ереуілге шыққан видеосы тарады. 11 желтоқсанда олар жұмысқа шықпай, жалақыны 100% көбейтуді талап етті. Айтуларынша, қызметкерлер жаппай жиналатынын қала басшылығына ескерткен. Жұмысшылар ереуіліне компания басшылығы мен Жезқазған әкімі Қайрат Әбсаттаров назар аударды. Instagram желісінде тараған видеода қала басшысы олардан жұмысқа кірісуді сұраған. Сонымен қатар ол 13-ші жалақының төленетінін, қайта есептеу жүргізілетінін айтты. Сонымен қатар әкімдіктің баспасөз қызметі KM TRANCO кәсіпорнында қызметкерлердің жалақысын өзгерту мәселесі бойынша еңбек дауы туындағанын хабарлады. "Жағдайды түсіндіру үшін Жезқазған әкімі ұжыммен кездесті. Кездесу қазіргі уақытта кәсіпорынның акт залында тыныш және конструктивті  жағдайда өтіп жатыр", - деді Жезқазған әкімшілігі. Сонымен қатар қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС бас директорымен кездесу өткізіледі. Ал "Қазақмыс" ресми түсініктеме бермейтінін айтты, өйткені бұл мердігер ұйым болып саналады.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Wow_krg (@wow_krg)

 

Серіктес жаңалықтары