179
Әзербайжан әскери жағдай режимін тоқтатты
Әзербайжан әскери жағдай режимін тоқтатты
Әзербайжан парламенті Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс кезінде енгізілген әскери жағдай режимін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ТАСС.
Арнайы режим сенбіде, 12 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 00:00-ден бастап бүкіл ел аумағында күшін жояды.
2 желтоқсанда Армения үкіметі соғыс жағдайы кезінде митингілер өткізуге салынған тыйымды және көп ұзамай елдегі арнайы құқықтық режимді ресми түрде жойды.
Ресейдің араағайындығымен қабылданған үшжақты келісім бойынша Таулы Қарабақтағы аумақтарды Әзербайжан бақылауына беру мерзімі 1 желтоқсанда аяқталды. Армения мен танылмаған Таулы Қарабақ республикасын байланыстыратын жалғыз жол — Лачинский дәлізін ресейлік бітімгерлер бақылайтын болады. Түркия сондай-ақ Ресеймен бірлескен атысты тоқтату режимін бақылау жөніндегі орталық шеңберінде жанжалды реттеу процесіне қатысады, алайда бітімгершілік миссияға түрік тарапының өкілдері кірмейді.