Талдықорғанда «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы ашылды

2020 жылдың 11 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының сайлауалды штабының ашылу жиыны өтті. Салтанатты жиында Алматы облыстық,  Талдықорған қалалық мәслихатына үміткерлер,  штаб мүшелері,  «Jas Otan» жастар қанатының  өкілдері қатысты.

«Nur Otan»

Жиынға арнайы шақырылған «Nur Otan» партиясының сенімді өкілі Гаухар Сламғалиқызы мен партия ардагері Мейірман Тілеуберлинов кандидаттар мен штаб мүшелеріне  сәттілік тілеп, алғысын білдірді. Жалпы жиынға қатысушыларға сайлауалды штабтың алдағы атқарылар жұмысықа деген дайындықтары  таныстырылды.

«Nur Otan» партиясы Сайлау науқанында қызмет атқаратын штаб мүшелігіне 15 адам және  58 сайлау учаскелерінде  162  сенімді өкіл бекітілді. Жасақталған  сенімді өкілдерініңдің тізімі қалалық сайлау комиссиясына тіркеліп, куәліктері алынды. Сондай-ақ қызмет ететін 155  еріктілермен толықты.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 5-тармағына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында «Nur Otan «партиясы» сайлау қорының қаражатынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы төленді. Тапсырыс беруші: Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары сайлауында «Nur Otan» партиясы » ҚБ сайлау қоры атынан Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы.
Back to top button