Вакцина жасатқаннан кейін де маска киюге тура келеді

Вакцина жасатқаннан кейін де маска киюге тура келеді

Вакцина жасатқаннан кейін де маска киюге тура келеді
ашық дереккөзі
Коронавирустық вакцина жасатқаннан кейін де маска киюге тура келеді деп жазады Associated Press. Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, бірнеше себептер бойынша маска кию және әлеуметтік арақашықтықты сақтау вакцинациядан кейін біраз уақытқа дейін жалғасады. Сонымен бірге, бірінші мақұлданған коронавирустық вакциналар қайталап егуді қажет ететіні де айтылады. Pfizer вакцинасын қайталап егу үш аптадан кейін, ал Moderna төрт аптадан кейін жасалады. «Вакцинацияның әсері әдетте бірден байқалмайды. Адамдарда иммунитеттің белгілі бір деңгейі алғашқы инъекциядан кейін бірнеше апта ішінде дамиды деп күтілуде. Бірақ адам екінші инъекциядан кейін екі аптадан кейін ғана толықтай қорғалады», – дейді басылым. «Pfizer және Moderna вакциналары адамдарды инфекциядан толығымен немесе тек аурудың белгілерінен қорғай ма, ол әлі белгісіз. Бұл вакцинацияланған адамдар аз мөлшерде болса да, әлі де вирусты жұқтыруы мүмкін дегенді білдіреді», – дейді Вашингтон университенінің вакцина мәселелері бойынша сарапшысы Дебора Фуллер.