286
Елордада карантин талабын бұзған 6 ұйым жабылуы мүмкін
Елордада карантин талабын бұзған 6 ұйым жабылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева елордада мониторинг топтары қалай жұмыс істеп жатқаны туралы мәлімет берді.
«Биылғы 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында мониторинг топтары шектеу және карантин шараларының бұзылуына қатысты 158 шұғыл хабарлама жіберді. Осылайша Үйлестіру орталығынан шұғыл хабарламалар келіп түсті. Жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша жалпы сомасы 28 933 070 теңге болатын 107 әкімшілік айыппұл салынды (оның ішінде бір нысандағы 4 қызметкерге айыппұл салынған). Кемшіліктерді реттеу жөнінде 105 нұсқама берілді», – дейді Жанна Пралиева.
Шектеу және карантин шараларының «әдейі бұзғандарға» қатысты нұсқаманы орындамағаны үшін Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 7 әкімшілік хаттама жіберілді. Олар: «sova» караоке барының, «Жаным сол» караоке-барының, «Alanya» түнгі клубы, «Teqila» лаундж-бары, «Echo» бары, «Алтын» мейрамханасы.
«Әкімшілік кодекстің 462-бабының 3-бөлігінің санкциясы нысан қызметін тоқтата отырып, әкімшілік айыппұл түріндегі жаза беруді көздейді. Басқарма өкілдері өкілдері жоғарыда аталған нысандардың қызметін 3 айға дейін тоқтата тұру түрінде қосымша жаза шарасын қолдану туралы сотқа өтініш жасайды», – деді ол.