242
Мүлікті жария етуден бюджетке 4,3 млрд теңге түсті
Мүлікті жария етуден бюджетке 4,3 млрд теңге түсті
Қазақстандағы жария ету науқаны аясында тамыздың 22-індегі жағдай бойынша барлығы 2 483,5 млрд теңге сомасында 104 167 өтініш (декларациялар) түсіп, оның ішінде 2 219,2 млрд. теңге жария етілді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, мүліктерді жария ету жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 1 030,9 млрд теңгені құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 101 122 өтініш (декларациялар) түскен. Оның ішінде 83 940 - тұрғын үй нысаны, 44 734 - тұрғын үй емес нысан, 5,8 млрд. теңгеге - бағалы қағаздар.
Ал Қазақстан аумағынан тысқары жерлердегі мүлікті жария ету бойынша салық органдарына 5 млрд. теңгені құрайтын 123 тұрғын үй нысанын жария ету бойынша өтініш (декларация) жасалған.
«Ұлттық банк есептері бойынша екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 1 484,5 млрд.теңге ақшаны жария етуге 2 770 жинақ шот ашылды, оның ішінде шетелден аударылған 234,1 млрд. теңге, ал шоттан шешілгені 1 472,8 млрд. теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 6 427,5 млн. теңге көлемінде 43 декларация түсті. 2016 жылғы 22 тамыздағы жағдайға сәйкес, «Мүлікті жария ету үшін алым» бойынша бюджетке іс жүзінде 4,3 млрд. теңге түсті», - делінген баспасөз баянында.