ПТР нәтижесі теріс 15 шетелдік депортацияланды

ПТР нәтижесі теріс 15 шетелдік депортацияланды

ПТР нәтижесі теріс 15 шетелдік депортацияланды
ашық дереккөзі
5225
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева елордада коронавирус жұқтырған азаматтарды уақтылы анықтау жұмыстары бұрынғыша жүргізіліп жатқанын хабарлады.  «Коронавирус жұқтырған азаматтарды уақтылы анықтау мақсатында ПТР анықтамасынсыз келген адамдар карантиндік стационарға жатқызылып, олар қатаң түрде тексеріліп жатыр. Биылғы 2 қазан мен 10 желтоқсан аралығында 283 рейспен астанаға 35 450 адам келді. Оның ішінде теріс ПТР нәтижесі бар анықтамамен 30 767 азамат жетті. Депортацияланғандардың саны – 15. Карантиндік стационарға жатқызылғандар және тексерілдер – 4668. 22 симптомсыз науқас анықталып оның 4-і емдеуге жатқызылды», – деді Жанна Пралиева Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі. Оның айтуынша автоөтпе жолдар арқылы басқа елдерден келген адамдардың денсаулық жағдайына мониторинг жүргізілуде. Қазан айынан бастап елордаға автоөтпе жолдар арқылы барлығы 4197 адам келген. Оның ішінде автоөтпе жолдар арқылы өткендердің ішінен COVID-19 вирусын жұқтырудың 6 жағдайы жүк тасымалдаушылар арасында тіркелген.  

Серіктес жаңалықтары