333
2 миллионнан астам қазақстандық зейнетақысын алды
2 миллионнан астам қазақстандық зейнетақысын алды
2020 жылдың қаңтар-қараша айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 706,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 575,3 млрд теңге бағытталды, – деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2020 жылдың қараша айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 210,4 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 65,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 145,1 млрд теңге бөлінді.
2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 229 мың адам. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша – 94 825 теңге.