Мемлекет басшысы Есеп комитетіне тапсырма берді

Мемлекет басшысы Есеп комитетіне тапсырма берді

Мемлекет басшысы Есеп комитетіне тапсырма берді
ашық дереккөзі
5163
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жыл басынан бері атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді. Қазақстан Президентіне жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру мәселесі бойынша Ұлттық экономика министрлігінде жүргізілген тексерудің қорытындылары жөнінде баяндалды. Сонымен қатар кездесу барысында бюджетаралық қатынастар және өңірлік дамудың өзекті проблемалары талқыланды. Мемлекет басшысы аталған мәселені Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында қарауға енгізуді тапсырды. Кездесу соңында Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берілді.

Серіктес жаңалықтары