Алматы облысында полицияға жалған арыз жазған бойжеткен 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы облысында полицияға жалған арыз жазған бойжеткен 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы облысында полицияға жалған арыз жазған бойжеткен 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды
ашық дереккөзі
50253
Алматы облысында танысынан кек алмақ ниетте полицияға жалған арыз жазған бойжеткен 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 2020 жылғы мамыр айында Көксу ауданы Мұқыры ауылының 19 жастағы тұрғыны Талдықорған қаласы ПБ Батыс қалалық полиция бөліміне шағымданып, нәтижесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабына сәйкес қыз зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда тексеру жұмыстары көрсеткендей, ешқандай зорлық фактілері анықталмаған. Белгілі болғандай, полицияға арызданған бойжеткен кек алу мақсатында өз танысына жала жапқысы келген. Тәртіп сақшылары зорлау дерегі бойынша қылмыстық істі тоқтатып, жалған сөз жеткізу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабына сәйкес оған қарсы қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу материалдары негізінде Талдықорған қалалық сотының үкімімен 19 жастағы қыз кінәлі деп танылып, оған 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары