223
Алексей Ни Токиода өтетін олимпиада дайындығына кіріспек
Алексей Ни Токиода өтетін олимпиада дайындығына кіріспек
Бұған дейін еліміздің ауыр атлетшілері арасында туындаған допингтің бір шеті құраманың бас бапкері Алексей Ниге де тиген болатын. Әлеуметтік желілерде Нидің кетуін талап еткендер де көбейді. Алексей Ни осымен алтыншы Олимпиадаға спортшылар апарып отыр. Риодағы Ойындардан кейін ол бапкерлік қызметті тоқтатпақ болған, алайда ол райынан қайтыпты. Қазір оның шәкірттері демалып жатыр, ал қыркүйек айында спортшылардың қайта қалпына келуі үшін Сочи қаласында жиналу жоспарланған. Ауыратлеттер жаттығу жұмыстарын қаңтарда бастайды. Алексей Ни қазірдің өзінде болашақ құрамаға кімді қосатынын шешкен жоқ.
Демек, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни қызметінен кетпейтінін мәлімдеді. Ол 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына құраманы дайындамақ. Телеарнаға берген сұхбатында Алексей Ни: "Токиодағы Ойындарға неліктен барғым келеді? Себебі Лондон Олимпиадасында алған жүлделерімізді қайтарып алмақшы болып жатыр. Мен сол медальдардың есесін Токиода қайтарғым келеді. Бізде Ильин бар, Чиншанло бар, Рахимов бар - үшеуі, олардан басқа өнер көрсетіп жүрген қай-қайсысы да баруға лайықты", - деді.