Мектептерде смартфон қолдануға тыйым салуға қатысты түсінік берді

Мектептерде смартфон қолдануға тыйым салуға қатысты түсінік берді

Мектептерде смартфон қолдануға тыйым салуға қатысты түсінік берді
ашық дереккөзі
338
Астанадағы брифинг барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева  мектептерде смартфондарды қолдануға тыйым салуға қатысты түсінік берді.  "Әр мектеп смартфондарды қолдануға тыйым сала ма, жоқ па өздері шешеді. Нақты шешімге келу үшін ата-аналармен сөйлесу керек. Шынында да көп ата-ана балаларының мектепте смартфон қолдануына қарсы емес, себебі олар телефон арқылы балаларының қай уақытта мектепке жеткенін және үйге қайтатын уақытын бақылап отыра алады. Қазіргі уақытта көп мектептер сандық технологиямен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан біз балаларға смартфондарды қолдануына тыйым саламыз деп айта алмаймыз", - деді вице-министр. Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, осыған дейін кейбір мұғалімдер жоғары сынып оқушыларына сабақ уақытында смартфондардың кедергі келтіретінін айтқан. Содан мектептерде смартфон қолдануға тыйым салу мәселесі көтерілген. Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі де қала мектептерінде смартфондарды қолдануға тыйым салуды ұсынған еді. Кейінірек мұндай ұсынысты Қызылорда облысының прокуратура өкілдері де айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары