Басын тоңазытқышқа қысып, қорлаған итті АҚШ-қа алып кетті (видео)

Басын тоңазытқышқа қысып, қорлаған итті АҚШ-қа алып кетті (видео)

Басын тоңазытқышқа қысып, қорлаған итті АҚШ-қа алып кетті (видео)
ашық дереккөзі
679

Естеріңізде болса, 31 мамыр күні Атырауда бәзбіреулер байқұс иттің басын сынық тоңазытқыштың есігіне қысып жатқан видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, дау туғызған еді.

Болған оқиғадан кейін видеодағы азаматтар әкімшілік жазасын алып, кешірім сұраған болатын. Ал Лаки деген ат қойылған итті еріктілер арнайы пансионатқа орналастырған болатын. @help_animals_atyrau парақшасы Лакидің АҚШ-қа аттанып кеткенін қуана жазды. Элин есімді шетелдік азаматша иттің суретін көріп, бірден ұнатқан және сол себепті еш ойланбастан асырап алуға шешім қабылдапты.

Серіктес жаңалықтары