193
Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімді тіркеу шешімінің күшін жоя алады
Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімді тіркеу шешімінің күшін жоя алады
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров қандай жағдайда партиялық тізімді тіркеу туралы шешім күшін жоятынын түсіндірді.
«Конституция заңында партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюдың немесе адамды партиялық тізімнен шығару туралы шешім қабылдаудың негіздері көзделген.
Мәселен, Орталық сайлау комиссиясы мынадай жағдайларда партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жояды: партиялық тізімді ұсынған саяси партия, өзі ұсынған кандидаттар, оның сенім білдірген адамдары сайлау алдындағы үгітті тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізсе, сондай-ақ бүкіл партиялық тізімнің 50 пайызынан астамын құрайтын адамдар партиялық тізімнен шыққан жағдайларда партиялық тізімді тіркеу туралы шешім күшін жояды.
Одан бөлек партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірілген адамдарының кандидаттың, партиялық тізімді ұсынған басқа да саяси партияның немесе партиялық тізімге енгізілген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтер тарату фактісін сот анықтаған жағдайда да сол», – деді Константин Петров.
Сонымен қатар партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаса аталған шешім күшін жояды.
Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы тіркеген партиялық тізімге «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Нұр Отан» партиясы, «Адал» партиясы, «Ақ жол» мен «Қазақстан халық партиясы» енген болатын. Осы партиялар өз қатарынан 312 үміткерді Мәжіліс депутаттығына ұсынған. Оның ішінде Ауыл – 19, Нұр Отан – 126, Адал – 16, Ақ жол – 38, Қазақстан халық партиясы 113 адамды ұсынып отыр.