Имам саяси партияға не үшін кіргенін түсіндірді

Имам саяси партияға не үшін кіргенін түсіндірді

Имам саяси партияға не үшін кіргенін түсіндірді
ашық дереккөзі
Тараз қаласының бас имамы қызметін атқарып келген Амантай Сәдиев саяси партияға кіргені жайлы хабар тараған болатын. Мұндай оқиға елімізде алғаш рет орын алып отырғандықтан имамның өзімен хабарласып, саяси партияға не үшін кіргені туралы сұрап көрген едік. «Мен бас имам қызметін атқара отырып, түрлі салаларды көрдім. Аймақтардың мәселелерінен хабардармын. Олардың дамуына үлес қосуға әрқашан әзірмін. Мұндай мүмкіндікті мен партия бағдарламасы арқылы жүзеге асырғым келеді. Маған партиядағы әлеуметтік сала, білім беру және аймақтық даму бағдарламасындағы бастамалар ұнады.  Мұның бәрі менің партияға кіру туралы шешіміме әсер етті. Еліміздің дамуына өз үлесімді қоса аламын деп үміттенемін. Имамдылықтан кетсем де, жүрегімдегі иманмен кеттім», – дейді имам. Оның айтуына қарағанда, ол қазір бас имамдық қызметінен кеткен көрінеді. Қазақстан зайырлы мемлекет екенін білетін діни қызметкері Амантай Сәдиев саяси партияға кіру туралы шешімін өзінің діни қызметі барысында ел азаматтарының көптеген өзекті мәселелері туралы білетіндігімен түсіндірді. Ол бірақ қазір саяси партияның қызметі шеңберінде діни қайраткердің емес, ел азаматының атынан шешім қабылдаудың жаңа деңгейіне өткенін айтады. Діни қызметкердің партияға не үшін қызыққанын былай деп түсіндіреді: «Мені партияның логотипі бірден қызықтырды. Себебі ол маңызды құндылықтарды бейнелейді. Мұсылман символы – 8 қырлы фигура партияның прогрессивті дамуын, басымдықтары мен бағыттарының әмбебаптығын білдіреді», – дейді Амантай Сәдиев.

Б.БЕКОВ