Қызылорда облысының бұрынғы әкімі сотталды

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі сотталды
Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа үкім шықты. Сот шешіміне сәйкес, Қуанышбек Ысқақов жазасын түрмеде өтеуі тиіс.
Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Қуанышбек Ысқақовтың үкімі №2 Қызылорда қалалық сотында жария етілді. Сот Ысқақовты жеті жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтеуі керек. Сонымен қатар экс-әкім мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырды.