248
Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде келген дәрілерді сатқандар ұсталды
Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде келген дәрілерді сатқандар ұсталды
Қараша айында көлік прокурорлары Алматы қаласының әуежайында Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде әкелінген 400 млн теңгеден астам сомаға медициналық мақсаттағы тауарларды импорттау фактісінің жолын кесті.
Кеден заңнамасына сәйкес, гуманитарлық жүк кедендік алымдарды төлеуден босатылады («Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 80, 336-баптары). Алайда, тауарлар кейіннен жеке компаниямен гуманитарлық мақсаттарға емес, басқа мақсаттарға пайдаланылған.
Мұндай жағдайларда компания кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуі қажет. Нақты бұл жағдайда аталған төлем 40 млн теңгеден астам соманы құрады. Кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 236-бабының 1-бөлігі (кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды төлеуден жалтару...) бойынша СДТБТ-де тіркеліп, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен тергелуде.
Басқа жағдайда, көлік прокурорлары шығаруға шектелген тауарларды елден тыс жерлерге экспорттау фактісінің жолын кесті. Атап айтқанда, компания 140 млн теңгеден астам сомаға медициналық жеке қорғану құралдарын (қорғаныш костюмдерін) шет мемлекетке шығаруға тырысқан.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 234-бабы 2-бөлігі 4-тармағы (экономикалық контрабанда) бойынша СДТБТ-де тіркелді. 10-қарашада Түрксіб аудандық сотының үкімімен кінәлі адамға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.