Министр биыл бюджетке қанша кіріс түскенін айтты

Министр биыл бюджетке қанша кіріс түскенін айтты

Министр биыл бюджетке қанша кіріс түскенін айтты
ашық дереккөзі
396
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 11 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштері туралы баяндады. «Мемлекеттік бюджетке кірістер 8 трлн теңге сомасында түсті немесе жоспар 104,7%-ке атқарылды. Республикалық бюджетке кірістер 5 трлн 224 млрд теңге сомасында түсті немесе жоспар 101,4%-ке орындалды. Жалпы кірістер бойынша жоспар 74 млрд теңгеге артығымен орындалды. Салық бойынша 65 млрд теңгеге атқарылмады, салықтық емес түсімдер 140 млрд теңгеге артығымен орындалды», - деп атап өтті Е. Жамаубаев Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, салықтар бойынша негізгі атқарылмау сомасы қосылған құн салығына тиесілі. «Қосылған құн салығы бойынша жоспардың атқарылмау себептері: өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтарудың 50% немесе 181,5 млрд теңгеге өсуі; «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес сату бойынша айналымдардың 13,6% азаюы. Негізгі азаю тау-кен өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар 2019 жылмен салыстырғанда 41,6% немесе 8 трлн теңгеге азайған; 2019 жылдың 10 айымен салыстырғанда Қазақстанның үшінші елдермен тауар айналымының 14,3%, 2019 жылдың 9 айымен салыстырғанда Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен – 11,6% төмендеуі», - деп түсіндірді министр. Сонымен бірге, жоспар пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық бойынша 14 млрд теңгеге асыра орындалды. Негізгі себеп түсті металдар өндіру көлемінің ұлғаюы болып отыр. «Жергілікті бюджет кірістері 111,3%-ке атқарылды және 2 трлн 811 млрд теңгені құрады. Жалпы жоспар 285 млрд теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде салықтар бойынша - 269 млрд теңгеге. Барлық өңірлерде кірістер бойынша жоспарлар асыра орындалды», - деді Қаржы министрі.  

Серіктес жаңалықтары