АҚШ-тың 48 штаты Facebook-ті "жыртқыш әрекеті" үшін сотқа берді

АҚШ-тың 48 штаты Facebook-ті "жыртқыш әрекеті" үшін сотқа берді

АҚШ-тың 48 штаты Facebook-ті "жыртқыш әрекеті" үшін сотқа берді
ашық дереккөзі
261
АҚШ-тың 50 штатының 48-і және Федералды сауда комиссиясы (FTC) Facebook корпорациясының үстінен монополияға қарсы сот ісін қозғады, деп хабарлайды Associated Press.  Нью-Йорктің талапкерлері мен Бас прокуроры Летизия Джеймс компанияны кішігірім бәсекелестердің жолын бөгеп, монополияландырудың "жүйелі стратегиясын" жүзеге асыру үшін әлеуметтік желілердегі нарықтық билікті теріс пайдаланды деп айыптады. Талап қоюшыларды әсіресе Facebook-тің WhatsApp мессенджері мен Instagram әлеуметтік желісін сатып алуы шамдандырған. FTC жауапкердің активтерін оның иелігінен шығаруға ниетті. "Компаниялардың мұндай жыртқыштық әрекетіне тосқауыл қойып, нарықтағы сенімді қалпына келтіру өте маңызды", — деп атап өтті Джеймс.

Серіктес жаңалықтары