471
Жол бойында шахмат ойнаған алматылық блогерлер 15 тәулікке қамалды
Жол бойында шахмат ойнаған алматылық блогерлер 15 тәулікке қамалды
Алматы полицейлері жол бойында шахмат ойнаған пранкерлерді қамауға алды.
Блогерлер Әкімшілік құқық бұзу кодексінің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жазаланды. Істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарады.
«Сот шешімі бойынша ойыншылардың бірі - 15 тәулікке, екіншісі - 10 тәулікке қамалды. Олар қазір Алматының қабылдау-тарату орнында» деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Сондай-ақ, сот шешімімен құқық бұзушылардың жүріп-тұруына үш ай мерзімге ерекше талап қойылды.
Еске салайық, 7 желтоқсан күні әлеуметтік желіде әл-Фараби даңғылының бойында шахмат ойнап отырған пранкерлердің видеосы тараған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram