COVID-19: Бұдан былай Алматыда симптомсыз науқастар да ауруханаға жатқызылады

COVID-19: Бұдан былай Алматыда симптомсыз науқастар да ауруханаға жатқызылады

COVID-19: Бұдан былай Алматыда симптомсыз науқастар да ауруханаға жатқызылады
ашық дереккөзі
391
Бұдан былай Алматыда коронавирустың жеңіл түрімен ауыратын және ауру белгілері жоқ науқастар да оқшауланатын болды. Бұл туралы брифинг барысында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.  Бас санитардың сөзінше, карантин шараларының күшейтілуіне байланысты Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы үй жағдайында инфекцияның таралуын тоқтату мақсатында нақты стационарларды айқындайды. "Коронавируспен ауырғандардың 35-36%-і үй жағдайында жұқтырғандықтан, инфекцияның жеңіл және симптомсыз түрімен ауыратын науқастарды вирустың бөлінуі тоқтағанға дейін дереу оқшаулауға және емдеуге кіріседі", - деді Бекшин. Сонымен қатар қалада инфекция жұқтырудың көп тіркелуіне байланысты қоғамдық көліктің ішінде адамдар ағынын азайту мақсатында 15 және одан да көп адам жұмыс істейтін ұйым қызметкерлерінің 60-80%-і қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысуы қажет. Айта кетейік, пандемия басталғалы қалада 16 667 адам коронавирус жұқтырды, 1 205 адам пневмонияға шалдықты.  

Серіктес жаңалықтары