429
Қостанай облысының үш қаласында санитарлық бекеттер алынды
Қостанай облысының үш қаласында санитарлық бекеттер алынды
Қостанай, Рудный, Жітіқара қалаларының периметрі бойынша орналасқан санитарлық бекеттер алынып тасталды, деп хабарлайды облыс әкімдігі жанындағы жедел штаб.
Бір тәулік ішінде өңірде коронавирустан 418 адам емделіп шықты. Қостанай облысы «қызыл» аймақтан шығып, карантин шаралары жеңілдей бастады.
«2020 жылғы 8 желтоқсанда Қостанай облысында COVID-19-дың 74 жағдайы тіркелді, аурудың өсу қарқыны 1,2%-ға дейін төмендеді. Бүгінде облыс КВИ таралу қарқыны бойынша «сары» аймақта орналасқан. Емделіп шыққан пациенттер бойынша оң өзгеріс байқалады. Екі тәулік ішінде ауруханадан 418 адам шығарылды. Бұл соңғы айлардың ішінде ең жоғары көрсеткіш. Қостанай облысында карантин режимін бұзатындар саны азая бастады. Егер бұған дейін мониторинг тобы күніне карантиндік және эпидемияға қарсы талаптардың 50-ге жуық бұзылуын анықтаса, бүгінде бұл бірнеше есе төмендеді», делінген штаб хабарламасында.
Сонымен қатар Қостанай, Рудный, Жітіқара қалаларының периметрі бойынша орналасқан санитарлық бекеттер алынып тасталды. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына да рұқсат берілді.