250
Дәрігер гаджеттердің көз бен теріге қандай қауіп төндіретінін айтты
Дәрігер гаджеттердің көз бен теріге қандай қауіп төндіретінін айтты
Барлық гаджеттерде қолданылатын көгілдір жарық немесе HEV-сәулесі денеге, атап айтқанда көз мен теріге теріс әсер етеді. Оның денсаулыққа қаупі жайлы офтальмолог Арпине Адамян айтып берді, деп хабарлайды "Прайм".
Дәрігердің айтуынша, бұл сәуле көз торында қайтымсыз фотохимиялық реакцияларды тудырады, олар фоторецепторлар мен пигментті эпителий жасушаларын бұзады. "Егер сіз гаджеттерді ұзақ уақыт қолдансаңыз, құрғақ көз синдромы, тордың орталық аймағының дистрофиясы пайда болып, көру өткірлігінің төмендеуі мүмкін", — деп ескертті офтальмолог.
Сонымен қатар, гаджеттерден шыққан көгілдір жарық терінің ерте қартаюына және пигментациясына әкеледі. Сондай-ақ, ол түнде мелатонин — ұйқы гормонын өндіруді азайтады және ұйқысыздықты тудырады.
Дәрігер адамның көру қабілетін қорғау үшін СКД экрандарының көгілдір жарқылын сіңіретін сары фильтрі бар арнайы компьютерлік көзілдірікті қолдануды ұсынды. Оның айтуынша, гаджет экрандарынан әр сағат сайын бірнеше минутқа алшақтап, мезгіл-мезгіл ұзақ үзіліс жасап, құрылғыларды күндіз ғана пайдаланып, ұйқыға дейін 2-3 сағат бұрын өшіру қажет.
Көгілдір жарық — жарық спектріндегі ең қысқа жарық толқыны. Ол ең үлкен энергия мен шашырау қарқындылығына ие. Қазіргі уақытта барлық гаджеттер көгілдір жарық шығарады, өйткені оларды жарықтандыру үшін жарықдиодты және флуоресцентті лампалар қолданылады.